Құқық қорғау органдары

Ардагерлер басты назарда

Шаяхмет Мұрзақанов қанды майданда отан үшін от кешкен жандардың бірі. Сұрапыл соғыс аяқталған соң, азамат 20 жыл уақыт бойы Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады. Бүгінгі күні көнекөз қарияның жасы – 89-ға жетіп қалған. Ақсақалға ішкі істер департаментінің атынан «Дабыл тетігі» орнатылған телефон сыйға тартылды.

Шаяхмет Мұрзақанова – Ұлы Отан соғысының ардагері.

– Мен сияқты зейнеткерлерді құрметтеп сыйлайды. Үлкен рахметімді айтамын. Мен сияқты ардагерлердерді басқа ешбір мекеме құттықтап жатқан жоқ.

Бүгінгі күні облыстық Ішкі істер департаментінің қамқорлығында он Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Полиция қызметкерлері әрдайым олардың жағдайларына қарайласа жүреді. «Өмір жолы» акциясы аясында бұл жандардың барлығына арнайы телефон берілді.

Сұраған Көпеев – СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы.

– Облыс бойынша 583 ардагер бар екен. Оның 10-на біз қарайласамыз. Сол кісілерге телефондарды тараттық. Әрқайсысымен сөйлесіп, құралдық қандай маңызы бар екенін түсіндірдік. Бұл кісілер әрдайым біздің қарауымызда. Ылғи біз оларды байқап отырамыз.

Департамент бастығы Берік Біләлов полиция бөлімшелерінің жетекшілеріне акция шеңберінде ардагерлердің тұрмыстық мәселерін шешіп беруді де тапсырды. Себебі бұл жандарға қандай құрмет көрсетілсе де, артықшылық етпейді.

Джакупов Самат.