МТРА жаңалықтары

2014 жылы Петропавл қаласында жастар тәжірибесі бойынша 120 маман жұмысқа орналасты

Лашын Құрманғожина, “Петропавл қаласы құрылыс бөлімінің бас инженер-құрылысшысының міндетін атқарушы

– Мемлекеттің жастарға осындай қолдау жасап жатқаны дұрыс деп есептеймін. Себебі, қазір жұмысқа тұру үшін ең алдымен тәжірибе керек.

Елбасы Н.Назарбаев биыл кеңейтілген үкімет отырысында жергілікті атқарушы билік органдары мен кәсіпорындарға жұмыс орындарын қысқартпау туралы тапсырма берген болатын. Және әр мекемеге бос жұмыс орындары туралы тұрғындарды ақпараттандырып отыру жайын да сөз еткен. Бүгінде петропавлдағы ұйымдар мен кәсіпорындарда заң, бухгалтерлік есеп және аудит, агрономия, іс жүргізу, құрылыс, педагог мамандықтарына сұраныс жоғары екен. Жалпы жастар тәжірибесі бойынша өткен жылы 120 петропавлдық жас тұрақты жұмысқа орналасты.

Дана Нұрпейіс, Петропавл қалалық жұмыспен қамту бөлімінің жастар тәжірибесі жөніндегі инспекторы

– Былтыр 29 жасқа дейінгі 134 петропавлдық жас маман “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша еңбекпен қамтылды. Олар жастар тәжірибесі бойынша қаламыздағы 52 ұйым мен кәсіпорындарға алынды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 17 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп, толығымен игерілді.

Петропавл қаласында жастар тәжірибесі бағдарламасына құжат қабылдау ағымдағы жылдың сәуір айнан басталады.

Берик Касен.