Балалар

Жастардың бойында патриотттық сезімді дамыту

Михаил Николаенко- ардагер

– Президентіміз жастарға көп көңіл бөледі. Олардың оқып, сапалы білім алуларына жақсы жайғдай жасалған. Тіпті, шет елдерге шығып, өз тәжірбиесін шыңдай алады. Ауылға жұмыс істеуге кеткен жастарды баспанамен қамту және көтерме ақы төлеу сынды шаралар да жүргізіледі. Міне, мына колледждің өзін алар болсақ, материалдық-техникалық базасы мықты. Жақсы маман боп шығуға болады. Біз оқыған кезде мұның бірі де болған емес.

Өскелең ұрпақ өкілдері болса, бойларына сіңірген білім мен күш-қуатты ел дамуына жұмсауға даяр.

Азамат Шаймерденов- «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы

– Елбасының халыққа арналған жолдауында айтылған барлық бағыттар мен салаларды дамытуға біз жастар өз үлесімізді қосуға даярмыз. Сондықтан, алда болатын сайлауда Президентіміз өз кандидатурасын ұсынса, оған қолдау білдіреміз.

Данияр Көдек көреміз көдекті- Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенті

– Елбасының кандидатурасын қолдаймыз. Оның таңдаған бағыт дұрыс деп ойлаймыз.

Кездесу барысында колледж қабырғасында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі де айтылды. Мұндағылар қаланы аббаттандыруға өз үлесін қосып, сенбіліктер ұйымдастырады. Ардагерлерге де қолғабыс етеді.

Магжан Ахмадина.