МТРА жаңалықтары

Студенттерге “Нұр Отан” партиясының билеттері табыс етілді

Абай Қайсин, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауының меңгерушісі

– Ғаламдық мәселені шешу міндет емес. Ең бастысы, қарттарға көшеден өтуіне көмектесу, өзіңнің көршіңе қолғабыс ету сияқты адамгершілік қаситеттерге ие болу қажет. Адамның азамат болып қалыптасуы осы қарапайым дүниелерден бастау алады. Сіздердің партияға өтулеріңіз өздеріңіз бен ұжым алдындағы жауакершілікті білдіреді.

Партиялық билетке М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ның студенті Перизат Аблина да ие болды. Ол бұл менің саналы жасаған қадамым дейді.

Перизат Аблина – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті

– Алдағы Президент сайлауының қарсаңында “Нұр Отан” партяиысына кіргеніме өте қуаныштымын. Мен осы партиялық билетті алғаннан кейін өзіме үлкен бір жүк артылғанын сезінгендей болып тұрмын. Енді сол жұмысты жақсы атқарамын деген ойдамын.

Партиялық билеттер студенттерге “ЗИКСТО” зауытында табыс етілді. Келекше олардың біреуі осында келіп жұмыс істеуі мүмкін. Қазіргі уақытта кәсіпорындағы 800 адамның 120-сы – нұротандықтар.

Данаш Хамзина.