МТРА жаңалықтары

Петропавлда Президент сайлауын өткізуге дайындық жүргізілуде

Осыған орай ақпанның 26-сында облыстық сайлау комиссиясының отырысы өткен болатын. Жиында сәуірдің 26-сында болатын ҚР-ның Президенті сайлауын өткізу және әзірлік жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары қарастырылып, бекітілді. Сондай-ақ, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен өтетін оқыту семинар-кеңестерін ұйымдастыруға және оларға тәжірибелік көмек көрсету үшін аудандарға іс сапар кезінде, демалыс және мереке күндері облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік атқару кестесі белгіленді. Отырыс барысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды деп хабарлайды облыстық сайлау комиссия өкілдері.

Данаш Хамзина.