МТРА жаңалықтары

ЖОО студенттері арасында ҚР конституциясының 20 жылдығына арналған конференция өтті

Ерлан Әукенов – Облыс әкімінің орынбасары.

– Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік аренада ойып алар орны бар мемлекет. Ата-заңымыздың арқасына еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Оған дәлел республикамызда осы күнге дейін бірнеше шоқтығы биік кездесулердің өткізілуі. Енді міне болашақта «Экспо-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастырғалы жатырмыз. Мұның барлығына көреген көшбасымыздың саясатыда демеу болып отыр.

Конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – қазіргі Қазақстандық қоғамда конституцияның маңызы мен сан қырлы рөлін көрсету болып табылады. Жылда өтетін айтулы конференция биыл, біздің өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның себебі де бар.

Еркін Үйсімбаев – ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаменті басшысының орынбасары.

– М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Республикамызда жоғары оқу орын болып саналады. Сондықтан біз осы конференцияны осы жерде өткіземіз деп ұйғардық. Университеттің жұмысына оң баға береміз. Себебі студенттердің ғылыми деңгейлері жоғары. Жастар өздері біраз бастамаларды қолға алыпты. Сол жұмыстары өз көзімізбен көрдік, қолдаймыз.

Конференцияда студенттер өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын көтерді. Мәселен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университетінің 3 курс студенті Гүлсезім Жакуданы Ақтөбе облысының шөлге айналу мәселесі алаңдатып отыр.

Гүлсезім Жакуда – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университетінің студенті.

– Бүгінде Ақтөбе облысы 12 әкімшілік ауданнан тұрса, соның 5-і экологиялық дағдарыс алдында тұр. Оның басты себебі осы аудандарға Арал теңізі әсер етіп, мұнай өндіру кен орындарының болуы. Төгілген мұнай қайта қалпына келмейді. Әсерінен жердің өсімдік жамылғысы бұзылып, бүгінде жайылымдаржың саны азайып бара жатыр. Осы процесті тоқтату мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, республикада алғаш болып «Жасыл ел» бағдарламасы іске қосылды.

Ал Орал қаласынан келген Рысбек Жүсіпбек болса, конституция -экономиканың басты тірегі екендігін айтуда. Яғни “Қазақстанның дамыған 30 елдің қатырына енуі тікелей ата-заңымызға қатысты” – дейді азамат.

Рысбек Жүсіпбек – Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің студенті.

– Франция елінің конституциясын негізге ала тұрып, біздің ата-заңымыз дайындалды. Қазіргі кезде әлемде жаһандану процесінде, көптеген елдер өздерінің күштері жетпей дүрбелеңнен шыға алмай жатыр. Мұның басты себебі құқық саласының дамымауында. Қазір еліміз экономкасы дамыған мемлекет ретінде орнықты. Яғни мемлекетімізде құқық саласы шырқау шегіне жетті деп есептеймін. Соған байланысты, Францияның Қазақстан экономикасына қандай байланысы бар екендігін ашып көрсеттім.

Конференцияға қатысушылар күннің екінші жартысында түрлі секциялық отырыстарда бас қосты. Жалпы айтулы шарада конституция құқытарының нормаларын қолдануға арналған 600-ден астам баяндама оқылды.

Джакупов Самат.