Құқық қорғау органдары

Өңірде “Қауіпсіз жол” жедел алдын-алу шарасы жүріп жатыр

Жеңіс Елеукин -СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы

– «Қауіпсіз жол» шарасының мақсаты – жол апаттарының санын азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу шараларын жүргізу, жол қозғалысындағы елеулі құқық бұзушыларды құрықтау. Рейдтер тек облыс орталығында ғана емес, барлық 13 ауданның көлемінде жүріп жатыр.

Акция басталған алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша 205 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұлмен жазаланды. Көлік тізгіндеп келе жатып телефонмен сөйлескен 173 азаматқа да әкімшілік хаттама толтырылған. Ал 242 жаяу жүргінші жолда жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатылыпты.

Жеңіс Елеукин -СҚО ІІД әкімшілік поллиция басқармасының инспекторы

– Жыл басынан бері өңір жолдарында 30 жол-көлік апаты тіркелген. Оның ішінде 45 адам әр-түрлі деңгейде ауыр жарақат алып, 5 адам қаза тапты.

 

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы ел бойынша ақпанның 23-нен бастау алған. Халықты тәртіпке шақыратын операция 5 күнге жалғасады.