МТРА жаңалықтары

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау науқаны жүруде

Мақсат Мұқашев – СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары

– Біріншіден, ол жасы 19-дан жоғары, баратын азаматтың жас деңгейі 35-ке дейін. Оның ішінде біз әскери міндеттінің денсаулығына көп көңіл бөлеміз. Біліміне, әскери қызметті атқарғанына. Енді медициналық тексеру кезінде денсаулығында кінарат тапсақ, ол әскери қызметке бара алмайды.

Бүгінде келісімшарт негізінде Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери қызметін абыроймен атқарып жүрген азаматтың бірі – Арай Қоқашев. Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусын тәмамдаған ол, жұмыс бабымен еліміздің біраз жерлерінде қызмет атқарған. Соңғы мекемеде 2010 жылдан бері еңбек етуде.

Арай Қоқашев – Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметке және келісімшартқа қабылдау бөлімінің бастығы

– Басқа қызметпен салыстырғанда тиімділігі көп деп ойлаймын. Қазіргі уақытта жалақым жақсы, үй жайымен қамтамасыз етілудемін. Қазіргі менің міндетім әскери қызметін өткеріп келген азаматтарды әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылдау.

Айта кету керек, келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге тілек білдірген жас жігіттер тұрғылықты жері бойынша орналасқан қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармаларына келулеріне болады.

 

Бакыт Садуакасов.