МТРА жаңалықтары

Жерлесіміз Байқуаныш Сарсембин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды

Байқуаныш Сарсембин, тыл еңбеккері.

-Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардың барлығы менің көз алдымнан өтті. Бірде құлдырап, бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ дәл қазіргідей алтын ғасыр халқымыздың басында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қарым-қатынас орнатып, барша адамзатқа билік айтқан қазақ баласы ешқашан болмаған.

Байқуаныш Сарсембин 17 жасында әскер қатарына шақыртылып, Челябі қаласындағы ауыр танкілер мен қару-жарақ құрастыратын бүтіндей бір әскери зауытты күзеткен. 1946 жылы мұғалімдер курсынан өтіп, Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылындағы мектепке жұмысқа орналасады.

Байқуаныш Сарсембин, тыл еңбеккері.

-Мұғалімдер курсын бітіріп, оқушыларға физика-математикадан 7 жыл сабақ бердім.
2 жыл агроном, 28 жыл бас экономист міндетін атқардым. Содан зейнетке шықтам.

91 жасқа аяқ басқан қария бүгінде 13 немере мен 7 шөбере көріп отыр. Ақсақалдың немересі Төлеген Беженов тәуелсіздіктің түйдей құрдасы. Атасының ақылына үнемі құлақ асып отыратын жігіт елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына жастар жауапты дейді.

Төлеген Беженов, Байқуаныш Сарсембиннің немересі.

-Елімізде тұрақтылық бар. Елбасымыз қазіргі аумалы-төкпелі заманда ел ішіндегі халықтардың бірлікте тұруына аса көңіл бөлуде.

Байқуаныш Сарсембиннің әулеті елдің кемел келешегі үшін сәуірдің 26-сы бейбітшілік пен ынтымаққа, тұрақтылыққа дауыс береміз деп отыр.

 

 

 

Берик Касен.