Ержан Әбубәкіров – дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің директоры.
-Біздің мұғалімдеріміз пленарлық отырыста осы жолдың теориялық жағын түсіндіреді. Біріншіден, біз өзіміздің мектепте 3-ші жыл “РBL” деп айтамыз, бұл – оқушыларымыз жыл ішінде кішігірім жобаларды жасап, сабақты өмірмен байланыстырып үйренуде. Яғни, мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Білім ұясы оқушыларға білім мен тәрбие беруде заманауи технологияларды оқу бағдарламасына енгізу жағынан, елімізде көш бастап тұр. Күлзиян Әлжанова Шал ақын ауданындағы мектептерінің бірінде қызмет етеді. Оқытушы мұндай тәжірибе алмасу жиындары пайдалы екендігін айтуда.
Күлзиян Әлжанова – Жаңажол орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Шал ақын ауданы.
-Алғаш рет семинарға келіп отырмын. Еңбек өтілім 2 жыл болғандықтан, әрі қарай біздің келешегіміз зор, мұндай тәжірибелі жақсы семинарлар қажет.
Сондай-ақ, бұл күні мұғалімдер қазақ-түрік лицейінде өткен 10 ашық сабағын тамашалай алды. Соның бірі физика пәнінен өткізілмек.
Елнұр Жұмажанов – дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің физика пәні мұғалімі.
-Мектепте алған білімдерін өмірде қолдана алу үшін функционалдық сауаттылық әдісін қолданамыз. Мысалға, қазір оқушылар сабақ үстінде не үшін керек деп ойлауы мүмкін. Электр шәйнегінің қуатын өзіміз тәжірибе түрінде табамыз, және күнделікті тұтынатын энергияның бағасын шығарамыз.
Бүгінде білім ұясында 200-ден аса шәкірт білім нәрімен сусындауда.
Берик Касен.