Қоғам

Облыс ардагерлеріне “дабыл тетігі” орнатылған телефондар сыйға тартылды

Ернар Нұрбеков, «Өмір жолы» қоғамдық қорының атқарушы директоры.

-«Аппараттың ең негізгі ерекшелігі ондағы SOS тетігінің орналасуында. Ардагер ол тетікті басу арқылы кез-келген уақытта өзіне көмек шақыра алады. Тетік басылған жағдайда аппаратта мынадай белгі орын алады.

Бұл дабыл көмек көрсету орталығына келіп түседі. Орталықтар еліміздің Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында орналасқан. Солтүстік өңірі Алматыдағы орталықпен жұмыс жасайтын болады. Мамандар екі облыстың арасындағы қашықтықтың ардагерлерге қызмет көрсетуде еш қиындық тудырмайтынын айтып отыр. “Өмір жолы” жобасы былтыр бастау алған. Бір жылдың ішінде 400 ден астам ардагерге көмек көрсетіліп, оның ішінде 3 майдангердің өмірін сақтап қалған. Бүгін “дабыл тетігі” құрылғысымен еліміздің 10 облысынан Ұлы Отан соғысының 2 500 қатысушысы қамтамасыз етілген. Біздің өңір 11-ші болып тіркеліп отыр.

Анатолий Корабельников, Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

-«Ардагерлермен жұмыс жасауда әр-түрлі мекемелермен жоспарланған арнайы бағдарламаларымыз көп. Бұл денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, ішкі саясат басқармасы. ІІБ мен ТЖ департаменті.

Бұл жиында ардагерлерге көмек қолын созуды азаматтық борышым деп санайтын ерікті жастардың қатары да көп. Олардың бірі Анжелика жергілікті ардагерлерге телефондарды жеткізіп, ол туралы толық мағлұмат беруді қолға алған.

Анжелика Мусич- ерікті.

-Ардагерлерге көмек көрсетуге еріктілер тобының керек екенін интернеттен көрдім. Ойланбастан ұйымдастырушыларға телефон соғып волонтер ретінде өзімді тізімге қосуды өтіндім. Көмек көрсету ардагерлер алдындағы біздің парызымыз деп есептеймін. Олардың үйіне барып, телефондарын жеткізуде тұрған еш қиындық жоқ.

Әр телефонға 200 бірлік салынған. Жедел телефон соғудың тегін болуы өз алдына, ардагерлер бір-бірімен осы құрылғылар арқылы ақысыз сөйлесе алады. Бүгін 4 телефон өз иелерінің қолына табысталып та үлгерді.

Майдангерлердің айтуынша бұл акцияның пайдасы зор. Өздеріне мереке қарсаңында осындай сыйлықтың табыс етілгеніне қуанышты екендерін де жасырмады.

Петр Гладков- Ұлы Отан соғысының ардагері.

 

-Бүгін бірінші болып “дабыл тетігі бар” телефон менің қолыма тиді. Қалай қолданатынын әлі толық білмеймін. Түсінгенім енді жедел жәрдем шықырып әуре болмаймын. Тек қызыл тетікті баса саламын. Осындай көмек қолын созып отырған ұйымдастырушыларға, алғысымды білдіремін.

«Өмір жолы» акциясы өңірде ақпанның 26-нан бастау алды. Алдағы 10 күннің ішінде дабыл тетігі теріскейдегі 273 ардагердің қолына тиетін болады.