Құқық қорғау органдары

Петропавлда су тасқынының алдын-алу шаралары басталды

Талап бойынша дүкен, сауда үйлер мен кәсіпорын басшылары мекеме ауласындағы оппа қарды 10 күн ішінде қала сыртына өз күштерімен шығаруы тиіс. Оған бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары.

Жомарт Абылаев, қалалық ІІБ әкімішілік полиция бөлімі бастығының орынбасары.

-Биылғы қыста қар мөлшерден көп түсіп, су деңгейінің жоғарылау қаупі төніп тұр. Сондықтан учаскелік инспекторлар жеке және заңды тұлғаларға қарды қала сыртына шығару жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Флора Сокол, “СОКОЛ” сауда кешені директорының орынбасары.

-Бұл біз үшін жаңалық емес. Біз жыл сайын сауда үйінің маңайын қардан тазалап тұрамыз. Учаскелік инспекторлар осы істі қолға алғандары дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, бұл тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін де керек.

Қалада су тасқынын болдырмау шарасы аясындағы қар шығару жұмыстары сәуір айының ортасына дейін жалғасады.

 

 

 

Берик Касен.