МТРА жаңалықтары

Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменттің қызметкерлері Шал ақын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Олар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары мен міндеттері туралы айтып берді. Жиында мемлекеттік қызметті өтудегі күрделі мәселелер туралы да сөз қозғалды. Өткен жылы аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында 1500-нан астам тыңдаушы арнайы оқудан өтіпті.

Сонымен қатар кездесу барысында қызметтік этика мәселесі де қарастырылды. Айта кеткен жөн, заң бұзушылықтардың көбі мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде орын алатын көрінеді. Кейін Шал ақындықтар назарына бейне роликтер ұсынылып, «СҚО кәсіпкерлікті қорғау» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы» сайттары көрсетілді. Мәжіліс аяқталғаннан кейін жұмыс тобының мүшелері Шал ақын ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығын аралап, тұрғындардан көрсетілетін қызметтердің сапасын сұрастырды.

 

Магжан Ахмадина.