МТРА жаңалықтары

Петропавлда көшелер қардан аршылады

Атап айтсақ, Караванная көшесінің Егемен Қазақстан және Панфилов көшелерінің аралығындағы бөлігі қардан аршу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

Кешкі сағат 21-ден бастап коммуналдық қызметтер жұмысшы поселкесін қаланың орталығымен байланыстыратын темір жол көпірін қардан тазалауды жоспарлап отыр. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары тұрғындарға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

 

Гульмира Шохтыбаева.