МТРА жаңалықтары

Облыс орталығындағы үйлердің подъездері түрлі суреттермен әрленуде

-Мына кейіпкер бүгінгі күні атақты варкрафттың бірі. Бұл кейіпкерді мен бұрыннан бері суреттеуді ойлап жүрген болатынмын. Күндердің-күнінде шабытым оянып, оны осы бағытта бейнелеуді жөн санадым.

Александр Алфимов сурет салуды өздігінен үйренген азаматтардың бірі. Ойын қағаз бетіне түсіру – бүгінгі күні оның сүйікті ісі. Қылқалам шебері қазір облыс орталығындағы үйлердің подъездерінде түрлі суреттерді салумен айналысады. Оның картиналарында әркез өмірде ақ пен қараның қатар жүретіндігі бейнеленген. Әр образға кем дегенде екі жарым сағат уақыт жұмсаймын дейді, – Александр.

Александр АЛФИМОВ – Суретші.

-Пәтер иелері менің бұл ісіме еш қарсылық танытып жатқан жоқ. Керісінше түсіністікпен қарайды. Кейде өз идеяларымен бөлісіп жатады. Сонда туындымыз жақсы шығады.

Александрға фантастика әлемін суреттегенді құп көрсе, қала тұрғыны Полина Мелехина керісінше көктем пейзажын бейнелегенді ұнатады.

Полина Мелехина.

-Көршілеріміз: «Біздің подъезде әрдайым көктем» деп мақтанып жатады. Сондықтан менің ойымша үйге кіре берісте жылдың осы мезгілі бейнеленіп тұрғаны дұрыс. Көрініс адамның көңіл күйіне де әсер етеді.

Подъезді осыншалықты көркемдеуге Полинаның көршілері сеп болған екен. Суретші акварель, гуашь, акрил сынды кез-келген бояуларды пайдалана береді.

Полина МЕЛЕХИНА.

-Мына қабырғадағы суретті көршілеріміздің көмегімен бейнеледім. Сол кісілердің де еңбегін айта кету қажет. Ал мына көбелекті бояуға 13-ші пәтердегі қыз көмектесті.

Мұнымен Полина тоқтап қалмақ емес. Суретші болашақта бос тұрған қабырғаларға танымал мультфильмдердің кейіпкерлерін бейнелеуді жоспарлап отыр.

 

 

Самат Джакупов.