МТРА жаңалықтары

Былтыр өңірімізде 7 орман өрті тіркелді

Анатолий Усольцев, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

-Өткен жылы ірі орман өрті Есіл ауданында тіркелді. Онда тілсіз жау 7 гектар аумақты шарпып өтті. Болжам бойынша қызыл жалын егістік алқаптарының бірінен шыққан. Біз оған кінәлі адамның жеке тұлғасын анықтау бойынша Есіл аудандық ішкі істер бөліміне ұсыныс жасаған едік. Алайда, тәртіп сақшылары күдікті адамды таппады.

Табиғат қорықшылары алда көктемгі орман өрттерін ауыздықтауға адам күші мен техника жеткілікті дейді.

Анатолий Усольцев, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

-Өңірімізде 16 орман бекеті құрылған. 16 өрт сөндіруші машинасы мен 72 трактор бар. Біз жылда әрбір орман мекемесінде алдын-алу жұмыстарын өткізіп тұрамыз.

Биыл үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев табиғатты қорғау, соның ішінде жасыл желектерді кесуге қатысты бақылауды күшейтуді жүктеді.

Анатолий Усольцев, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

-Табиғатты қорғау бойынша заңдағы бірқатар баптар қатайтылды. Мысалы, заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес ағаштарды рұқсатсыз кескен адамның үстінен қылмыстық іс қозғалатын болады.

Бүгінде өңірде тіркелген 12 мемлекетік орман мекемесінде 400-ден астам адам жұмыс істейді.

 

 

Берик Касен.