Құқық қорғау органдары

Қадағалаушы орган өкілдері “Нөлдік төзімділік” акциясын ұйымдастырды

Асхат Амитов – Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.

-Бұл акцияның мақсаты – ұсақ әкімшілік заң бұзушылықтарды болдырмау. Прокуратура және басқа да басқарамалардың өкілдерімен бірігіп, осы шағын ауданда заңнамаларды түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Егер пәтер иелерінде құқық бұзушылықтарға байланысты сұрақтар мен өтініштер болса, біз оларды қабылдауға жазамыз.

«Нөлдік төзімділік» акциясы аясында пәтер иелеріне ұсақ бұзақылықтар жайында парақшалар таратылды. Тұрғындар өз кезегінде қадағалаушы орган өкілдеріне көкейде жүрген сауалдарын қойып, лайықты жауабын алды. Жерлестеріміздің айтуынша, бұндай шаралардың мәні мен маңызы зор.

Николай Тунусов – қала тұрғыны.

-Менің ойымша, бұл акция тұрғындарға қажет. Себебі, үйдің кіре-берістерінде, подъездердің ішінде қоқыс, шекілдеуіктің қалдықтары жатады. Сондықтанда, бұл шара ұсақ тұрмыстық заңбұзушылықтардың алдын-алуға септеседі деген ойдамыз.

Заң өкілдерінің айтуынша, қаламызда “Нөлдік төзімділік” акциясы жиі өткізіліп тұрмақ.

 

 

Сагыныш Маркашева.