МТРА жаңалықтары

Фискалды орган өкілдері қаладағы сауда үйлерінде саудагерлермен түсіндіру жұмыстарын өткізді

Мұндағы саудагерлер бақылау-кассалық аппарат пен пост-терминалдың қажет екендігін біледі әрі оны күнделікті қолдануда.

Оксана Авдюкова- “Степанов” ЖК сатушы-кеңесшісі.

-Біздің киім дүкенінде бақылау-кассалық машина мен пост-терминал бар. Сатып алушылардың көбі чекті талап етеді. Әрине, бұл талаптардың сақталуы бізге де, мемлекетке де пайдалы деп есептеймін.

Бүгінде қандай да бір тауарды сатып алсаңыз, сатушы сізге сатып алынған тауардың бағасы көрсетілген чекті беруге міндетті. Егер чекті беруден бас тартса – ол заңға қайшы. Тек кейде заңды елемей, тапқан табысы мен кірісін жасырып қалуды көздейтін саудагерлер де бар. Ал мұндай құйтырқы әрекет әкімшілік айыппұлға апарып соқтыратынын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Данияр Жаналинов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

-Чектардың болуы керек. Сіз, себебі зат сатып алсаңыз, біріншіден, ол бізге тапқан табыстың жеке кәсіпкердің фискалдық жұмысының атқарғанын көрсетеді. Сонымен қатар, тұтынушының құқығын қорғайды.

Мамандар қаламыздағы өзге сауда орындарына да соғып, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

Бакыт Садуакасов.