МТРА жаңалықтары

Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі баспасөз конференциясы

Анархан Дүйсенова- СҚО әкімінің орынбасары

– Біріншіден акция аясында біз қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық. Олар ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін ұлықтауға бағытталды. Екіншіден ол патриоттық тәрбие. Яғни, жастарымыз ескерткіштерді аббаттандыру жұмыстарын жүргізді. Төртіншіден, біз жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындарға арнап түрлі мерекелер ұйымдастырдық. Бұл шаралардан мүгедектер мен көпбалалы аналар да шет қалмады. Жалпы республикалық акцияның жақсы өтуіне барлық теріскейліктер білек сыбана кірісті.

Бүгіндері өңірде 130-ға жуық түрлі ұлт өкілдері бір атаның балаларындай тату- тәтті ғұмыр кешуде. Оларды біріктіретін бір күш болса, ол ортақ іске деген құлшыныс. Көгімізде 24 жыл желбіреп тұрған көк тудың астына біріккен көпұлтты Қазақстан халқы бүгінде экономикасын ғана дамытып қоймай, салт-дәстүрі мен тілін де өркендетуде.

Кәрібай Мұсырман- «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» ҚБ филиалының төрағасы

– 90 жылдары қазақ мектебінде оқитын балалардың саны 25 пайыз болса, қазір бұл көрсеткіш 65 пайызға жетті. Петропавлда 2013 жылы ашылған «Алтын бесік» балабақшасында тәрбие алатын 300-ден астам баланың 75-і өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері. Бұл үлгі боларлық жағдай.

Кездесуде сонымен қатар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанынан құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының жұмысы жайлы да айтылды. Сонымен қатар мұндағылар жуырда институт өкілдері көтерген Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ойын қолдайтындықтарын жеткізді.

Амир Баязитов- «Дослык» татар- башқұрт орталығының төрағасы

– Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Президент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ойын қолдаймыз. Жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде елдің дамуына бағыт- бағдар беретін «Нұрлы жол» бағдарламасының біз үшін маңызы зор . Кезектен тыс Президент сайлауын ұйымдастыру, мемлекетіміздің дамуына оң ықпал жасайды. Соның арқасында Қазақстан барынша дамыған әлемнің 30 елінің қатарына кіреді.

Кейін пікірталас ұйымдастырылып, жиналғандар облыс әкімінң орынбасары мен этно- мәдени бірлестік өкілдеріне өз сауалдарын жолдай алды.

Өмір Есқали- жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі

– Қызылжар өңірі Ресейдің 3 аймағымен шетеседі. Оның үлкен саяси маңызы бар. Бұл ретте ассамблея тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Анархан Дүйсенова- СҚО әкімнің орынбасары

– Биылғы жылы Омбы облысына концерттік бағдарламалар апарамыз. Тағы ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Жалпы Қазақстан халқы ассамблеясының жылын солтүстікқазақстандықтар үлкен ауқымда тойлайтын болады. 500-ден астам шара өтеді деп жоспарланған.

 

 

Магжан Ахмадина.