Мәдениет

Петропавлда Біржан салдың шығармашылығына арналған концерт өтті

Кейін филармонияның дәстүрлі әншілері «Ән шашу» туындысын өздерінің зор дауыстарымен шырқап, көрермендерді тәнті қылды. Концертке келушілердің көңілінен шыққан тағы бір керемет ән – «Адасқақ» болды.

Бұл туындыны жоғары деңгейде айтып шыққан облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Біржан Есжанов арқа төсінде серілік құрып, халықты жырына қарық қылған бабамыздың шығармаларын сүйіспеншілікпен орындаймын дейді.

Біржан Есжанов – СҚО филармониясының дәстүрлі әншісі, ұйымдастырушы

– Бүгінгі кеште мен Біржан салдың бірнеше туындыларын орындаймын. Солардың ішінде ең ерекшесі ол “Теміртас” атты әні.

Қазіргі таңда жерлестеріміз ұлттық құндылықтарымызға ден қойып, тарихтың қойнауында қалған өнер туындыларын естуге құмар. Сол себепті де осындай игі шараны алғаш рет ұйымдастырған облыстық филармонияның әртістеріне теріскейліктер алғыстарын білдіріп тарасты.

– Осындай концерттер әрдайым ұйымдастырылып тұруы қажет. Мен қолдаймын.

– Өзіміздің қазақтық өнерлерімізді осылай әрдайым насихаттап тұру керекпіз. Бұндай шаралар соған мұрындық болады.

– Концерт тамаша. Жоғары деңгейде.

Жалпы бір жарым сағатқа созылған кеште Біржан сал мен қатар түрлі қазақ ақындары мен композиторларының 20-ға жуық туындылары шырқалды.

 

Риат Шони.