Бизнес және экономика

Облыстық кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысы өтті

Мадина Үмбетова – СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы

– Өздеріңіз білетіндей, жер учаскесін пайдалануға рұқсат алу кезінде аудандық және қалалық әкімдіктегі лауазымды тұлғалардың барлығының дерлік қолдары керек. Ал бұл шаруа бизнес иесінің кәсібін дер кезінде бастауына шектеу қойып, қиындыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан да қағаз машақатын біржола қысқартып, тек әкімнің қолы қолйылса, дұрыс болар еді.

Сондай-ақ, басқосуда су ресурстарын пайдалану жайы да талқыланды. Бұдан соң отырысқа жиналғандар жанар-жағар май сатып алуда кездесетін қиындықтарға да тоқталды. Мұнда да шикіліктердің бары анықталды. Көп жағдайда бизнес иелері дизельдік отын мен бензинді делдал арқылы сатып алуда.

Инесса Қуанова – СҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы

– Біздің кәсіпкерлеріміздің дені еліміздегі мұнай өндіруші зауыттармен тікелей жұмыс істеу жайында көп мәліметті біле бермейді. Соның салдарынан делдалдардан сатып алуға мәжбүр. Осы жәйтті ескере келе, кеңес мүшелері кәсіпкерлерді ақпараттандыруды бір жүйеге келтіруді қолға алуды ұйғарды.

Отырыста айтылған ұсыныстар мен өтініштер ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданбақ.

 

 

Бакыт Садуакасов.