Спорт

Енді спорт жайында!

Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 6-сы мен 14-і аралығында Тайланд қаласында велоспорттан Азия чемпионаты өткен еді. Бұл жолы ел құрамасының атынан жарысқа түскен спортшылардың арасында жерлес велошабандоздар да болды. Айтар болсақ, қазақстандық велошабандоздар жарыс алаңында топ жарып, 6 медалға қол жеткізген. Арасында солтүстікқазақстандық спортшы Артем Захаров та бар. Ал тас жолдағы жарыста теріскейлік Жандос Бижігітов бөлек сөреде 43,6 шақырымдық қашықтықты бағындыруда Ирандық қарсыласқа екі минутқа есе жіберіп алып күміс медалға ие болды.

Бакыт Садуакасов.