МТРА жаңалықтары

Теріскейліктер Президент сайлауын мезрімінен бұрын өткізу идеясын қолдайды

Сергей Худяков – «СҚО азаматтық альянс қауымдастығы» ЗТБ төрағасы.

– Біздің елімізге тұрақтылық, келісім қажет. Кезектен тыс сайлаудың өтуіне өңір азаматтары еш қарсылық танытпайды. Бірліктің арқасында ғана барынша дамыған 30 елдің қатарына енуге болады. Сондықтан біз Елбасына сенім артып, қолдап танытамыз.

Бүгінгі күні Қазақ елін әлем таныды. Көк туымыз көгімізде желбіреп тұрғанына 24 жыл болды. Мұның бәрі Елбасының арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Теріскейліктер бұл жолы да берекелі елге бел бола білген президентімізге тірек боламыз деп отыр.

Әсемгүл Есқожа – «Азаматтық бастамаларды дамыту институты» ҚБ төрайымы.

–  Қазір қоғамда: «Біз Елбасысыз өмір сүре алмаймыз» деген көптеген пікірлдер айтылып жүр. Содықтан біз ол кісіге сенімдіміз. Оған дауыс береміз. Және мерзімінен бұрын сайлауға қатысқанын қолдаймыз.

Аманжол Зағыпаров – «Ұлт тағдыры-Қызылжар» ҚБ төрағасы.

– Ата заңымызға байланысты бір жылда екі сайлау өтпеу керек. 2016 жылы жаңағы дағдарыстың шырқау шыңырау биігіне жететін кез екен. Ол кезде тағы да қиын болады. Соған байланысты біз сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді қолдаймыз.

Осылайша Солтүстік Қазақстандықтар кезектен тыс Президент сайлауын өткізу идеясын бір ауыздан мақұлдауда. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары Елбасына арнайы қолдау хатын жолдауды жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.