Спорт

«Қысқы ойындар» атты сайыстар өтті

“Қысқы ойындар” атты көңілді шараға «Бэст» гимназиясының оқушылары ат салысты. 8-10 сыныптардың тәрбиеленушілері қос командаға бөлініп, өзара сынға түсті. Мұз айдынында балалар өздерінің жылдам әрі мерген екендерін көрсете алды. Барлығы бұл күні аяқтарына коньки байлаған жасөспірімдер 10 сайысты еңсеріп, көңілдерін көтерді.

Даниил Ашменевич- «Бэст» гимназиясының 10 сынып оқушысы

– Қысқы спорт түрлерін ұнатамын. Әсіресе коньки десе, ішкен асымды жерге қоятын жанмын. Сондықтан осындай сайыстар жиі өтіп тұрса жақсы болар еді. Ол салауатты өмір салтын ұстануға және жалпы таза ауада серігіп, шынығуға септеседі.

 

Магжан Ахмадина.