Балалар

Балалар қысты шығарып салды

Наталья Дементьева – мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының әдіскері

– Біз шарада балаларға түрлі ойындар әзірлеп, көңілдерін көтермекпіз. Мұндай мерекені клуб мүшелері жыл сайын өткізеді. Биыл да қысты шығарып салу мейрамын жоғары деңгейде атап өтудеміз.

Көп ұзамай оқушылар қысты шығарып салуға кірісіп кетті. Ол үшін мейрамды тойлауға жиналған балалар ұйымдастырушылардың әзірлеген түрлі спорттық ойындарында қатысып, күш байқасты. Мәселен, біреулері топ-топқа бөлініп, қызықты эфтафеталарға қатысса, ал келесілері қол күрестіріп, білек күшін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Барлық қатысушыларға демеушілер әзірлеген сыйлықтар таратылды. Бастысы – әр балаға қуаныш сыйлау.

Полина Мартынова – №17 ұлттық өркендеу мектеп кешенінің оқушысы

– Қызықты мереке өтіп жатыр. Би де билейсің, конкурстарға да қатыса аласың. Бұдан артық қандай қуаныш керек.


Сондай-ақ, мейрамды тамашалаушылар клуб мүшелері жайған дастарқандағы тәтті дәмдіден ауыз тиіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 

 

Бакыт Садуакасов.