МТРА жаңалықтары

Тәртіп бұзғандар жазасыз қалмайды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы аумақтық инспекциясының жетекшісіне қатысты болды. Арнайы жүргізілген жедел алдын-алу шарасы барысында оның қызметтік автокөлігін өзінің жеке мақсатына пайдаланып жүргендігі анықталды. Бұл азаматқа кеңес мүшелері әзірше ескерту жасады. Сондай-ақ прокуратура қызметкерлері Петропавл қалалық балалар емханасының бас дәрігерінің үстінен арнайы тексеріс жүргізіп, нәтижесінде бірталай былықты анықтаған. Бас дәрігер қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, өзінің туысқандарын
емханаға басшылық қызметтерге орналастырған. Кеңес мүшелері жемқорлыққа қатысты заңнаманы бұзған бас дәрігерді жұмыстан босатуға ұсыныс жасады. Жалпы басқосуда тәртіптік кеңес мүшелері алты мемлекеттік қызметкердің мәселесін жіпке тізді.