Құқық қорғау органдары

“Қару” алдын-алу операциясы жалғасуда

Виктор Лукашевич

– Бұл акция жайлы досымнан білдім. Ол 2 жұма бұрын қаруын тапсырған болатын. Сондықтан мен де бұл шарадан шет қалмай, бүгін осында келдім. Кейін келеңсіздіктер болмайды. Оның үстіне полицейлер бар шаруаны 10-15 минуттың ішінде тындырады.

Өз қаруларын тәртіп сақшыларына облыс орталығының тағы 23 тұрғыны тапсырған. Заңға бағынған ел азаматтарына өтемақы қарастырылған. Жалпы «Қару» операциясы өткізіліп жатқан 6 күн ішінде полицейлер 1500 қала тұрғынының қару сақтау жағдайларын тексерген. Заңнамаға сәйкес, арнайы сейфтер дабылқаққыштармен жарақталуы тиіс.

Асан Смағұлов- Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары

– Ақпанның 10-ы мен 20-і аралығында ел көлемінде «Қару» алдын-алу шарасы өткізіліп жатыр. Олардың барлығы қылмыстарды болдырмау үшін ұйымдастырылуда. Өз еркімен қаруды тұрғындар 2015 жылдың соңына дейін тапсыра алады. Ал олай жасамағандарға 2016 жылы қатаң шара қолданылады. Қаруын жасырып қалғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Шара барысында қаруды сақтау және тіркеу ережесін бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 50 адамды жауапқа тартты. Оларға 200 мың теңгеден астам соманың айыппұлы салыныпты. Тағы тіркелмеген екі тапанша тәркіленген.

Магжан Ахмадина.