Спорт

Петропавлда мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден “Жұлдызша 2015” чемпионатының ақтық кезеңі өтеді

Турнир 3 жас ерекшелігі бойынша өтіп, 2 кезеңді қамтиды. 1-ші кезеңде қалалық және аудандық хоккейшілер өнер көрсетсе, ал ақтық кезең бірнеше күннен соң, ақпанның 20-сы мен 22-сі өтеді.

Руслан Арықов – СҚО БМЖСМ жұмыс бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт орталығының директоры

– Өңір жетекшісінің тапсырмасымен өңірде 100 жаңа хоккей қорапшасы мен облыс орталығында жабық мұз айдыны қолданысқа берілді. Оған қоса мыңдаған дана коньки мен таяқшалар алынды. Облыста қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында өткен жылдың желтоқсанында “Алтын шайбадан” жарыс басталған еді. Екі кезеңдік жарыс 3 жас ерекшелігі бойынша өтуде. Ақтық кезең “Қарасай” стадионында ұйымдастырылады.

 

Бакыт Садуакасов.