Мәдениет

Ақпанның 27-і «Ревизор» спектакльі қойылады

Барзу Абдраззаков – режисер, Тәжікстан республикасы.

– «Ревизор»- өмір­шең туынды. Мұны уақыттың өзі әл­де­қашан дәлелдеп қойған. Бұл орыс әдебиетінің 19-шы ғасырдағы ұлы сатиригі Николай Го­гольдің туындысы. Пьеса қан­ша уақыт өтсе де өзінің кө­кей­кес­­ті­лі­гін бір жоғалтқан емес. Материал әрине қиын. Сондықтан әртістіерді іріктеген кезде де біраз уақытты талап етті. Қазір күні-түні жұмыс істеп дайындалып жатырмыз.

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Барзу Абдраззаковтың қазақ жерінде жұмыс істеуге келіскен екінші өнер ордасы. Режисер бұл театр болашақта талай белесті бағындыратынына сенімді. Айта кету қажет, «Ревизор» қойылымында басты рөл жас әртіс Асылхан Разиевке сеніп тапсырылған. Қазір ол тынымсыз дайықтың үстінде.

Асылхан Разиев – С. Мұқанов атындағы қазақ- сазды драма театрының әртісі.

– Жалпы спектакль өте ауқымды. Классика. Әлемдік деңгейде көп қойылған спектакль. Сондықтан мұның салмағы да өте ауыр. Режисермен жұмыс істеген ұнап жатыр. Жұмысы тыңдылықты. Мен бұл жерде жалпы Иван Александрович Хлестаковтың рөлін сомдаймын. Жалпы қала шенеуніктері шатастырып алатын ревизор рөлін ойнаймын. Өзім үшін өте қиын.

Қойылым уақыты екі сағатқа созылады деп жоспарланып отыр. Оған театрдан 20-ға жуық әртіс қатыспақшы. Спектакльдың тұсау кесері ақпанның 27 күні кешкі сағат 19:00-де өтеді.

Джакупов Самат.