Балалар

«20 ізгі іс» акция аясында түрлі конфессия өкілдері отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды

Қасымхан Абдоллаұлы – «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы.

– Біздің дініміз жетімді, жесірді ешқашанда шет қалдырмаған. Қамқорлық жасап, мейрімділік көрсеткен. Сондықтан біздің де мешітіміз қайырымдылыққа әр уақыт ат салысып жатады. Елімізде тұрып жатқан халықтар ынтымақта бірлікте тұрсақ, Алла тағаланың берекесі деп білейік. Алла тағала жақсылығын берсін деп тілейміз.

Кездесу барысында түрлі конфессиия өкілдері «20 ізгі іс» акциясы шеңберінде балаларға мектепке қажетті заттармен оқулықтар және тәттілер сыйға тартты.

–  Қоанқтар келіп бізге сыйлықтар жасап жатыр. Өте қуаныштымыз. Үлкен алғысымызды білдіреміз.

– Мен өскенде медицина қызметкері болғым келеді. Ол үшін көп оқу қажет. Бүгін міне бізге оқулықтар сыйлады. Ертең оның пайдасы болады деп ойлаймын.

Қасымхан Абдоллаұлы – «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы.

– Қасиетті Құран кәрімде Алла тағала айтады: «Ей адамзат сендерді әуелде бір ер, бір әйелден жараттық. Сендерді ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Бір -бірлеріңді тану үшін»,- дейді. Сендердің ардақтыларың Алланың алдында тақуаларың деген. Міне біздің елімізде қаншама өзге ұлт өкілдері бірлікте өмір сүріп жатыр. Осының бәрә Елбасының көрегенділігі.

Бүгінгі күні мұнда 6 мен 18 жас аралығындағы 49 тәрбиеленуші бар. Олардың он шақтысы таза жетімдер санатынан. Мекеменің «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» деп аталу себебі, тәрбиеленушілер 4 үйде бірнеше адамнан тұрады. Жанұя болып, отбасылық тәрбиенің құндылығын бойларына сіңіріп өседі. Әр отбасыға арнайы екі тәрбиешіден бекітілген.

Джакупов Самат.