МТРА жаңалықтары

Көпірге асылып қалған техника

Олқылықтың орнын толтыру мақсатында оқиға орнына Ішкі істер департаментінің мамандарымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы жетеді. Жағдайды тұрақтандыруға жергілікті серіктістік басшыларының техникалары пайдаланды. Осылайша мамандар санаулы сағаттар ішінде К-700 тракторын қауіпсіз жерге шығарады. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кету қажет мұнымен қоса құтқарушылар өткен сенбі күні Есіл өзені үстінен өтетін көпірге шығып кеткен Ойқала ауданының 1982 жылы туылған азаматтын арнайы автосатының көмегімен жерге түсірді. 15 метр биіктікке көтерілген азамат кейін өздігінен жерге түсе алмай қалған.

Сондай-ақ осыдан екі күн бұрын Аққайың ауданына қарасты Черкасское селосындағы серіктестіктердің біріндегі мал қорасында өрт орын алды. Ғимараттың 300 шаршы аумағын шарпыған қызыл жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілер 38 жастағы күзетшінің мәйітін тапқан. Сондай-ақ 78 бас ірі қара мал жанып кеткен. Жалынның шығуына нысан ішіндегі электр желісінің тұйықталуы себеп болған.