Мәдениет

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан байқау өтті

Ұстаз жастар кітапты көп оқыса, әдебиетке бет бұрса дейді. Тәрбиеленушілеріне оның маңызын түсіндіруден талмайды.

Айнаш Қасымова – байқауға қатысушы

– Мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жақсы көремін. Оның шығармашылығынан нәр алып келемін. Конкурсқа алғаш рет қатысуым.

Жарысқа 20 мен 30 жас аралығындағы 10 сайыскер қатысты.

– Алтынай Сыздықова – Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
қаз: “Байқау үш номинация бойынша өткізіледі. Біріншісі Мұқағали Мақатаевтқа арналған өлең оқу, екіншісі тіл тақырыбы, үшінші күнделік жазу.

Қазылар алқасы әр сайыскердің тіл байлығына, дауыс мәнері мен сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткендері алғыс хатпен марапатталады. Қалалық сында топ жарған қатысушы облыстық байқауға жолдаманы ұтып алады.

 

 

Бакыт Садуакасов.