Мәдениет

Өңірімізге «Тодес» шоу- балет ұжымы келді

Ресейлік би ұжымына биыл 30 жыл толмақ. Осы уақыт аралығында олар нағыз әлем таныған топқа айналды. Тодестықтардың әр қимылы ерекше әсер қалдырады. Олардың биінен актерлік шеберлік пен керемет пластиканы, үйлесімді де байқауға болады.

1 сағаттық қойылым барысында әртістер солтүстікқазақстандық көрермендерді таң қалдырып, үлкен қуанышқа бөледі.

Би ұжымының концерті теріскейліктердің көңілінен шықты.

– Маған концерт өте ұнады. Әртістердің барлық қимылдары бір мағынаға толы. Көңіліміз жақсы көтеріліп, бір серпіліп алдық.


– Концерттерге жиі келемін. Бірақ Тодестікіне бірінші рет кеп отырмын. Өте жақсы өтті.

 

 

Магжан Ахмадина.