Құқық қорғау органдары

Заңбұзушылықтарға жол жоқ!

Тимур Исманов- Жастар кадрлық орталығының директоры

– Әдетте, қоғамдық тыныштықты бұзып, белгіленбеген жерде ішімдік ішіп, шылым шеккенді және қоқысты лақтыруды тұрғындар заңбұзушылық деп есептемей, оған назар аудармайды. Біз соларды ескерту мақсатында осындай шараны өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта мұндай акциялар жалғасын табатын болады.

Мұндай бастаманы өңір прокурорлары көтерген. Сондықтан парақшаларда заңды бұзғанда қандай жауапкершілік қарастырылатыны және статистикалық мәліметтер көрсетіліпті.

Ерлан Нурушкин- СҚО прокуратурасының 1-ші басқармасы бөлімінің прокуроры

– Заңбұзушылықтардың санын қысқарту мақсатында жыл сайын заңнама қатаяды. Айталық, жаңа әкімшілік кодексте көптеген өзгерістер бар. Тіпті кіші-гірім ережелерді бұзудың арты соқпақты болуы мүмкін. Сондықтан біз тұрғындарды мәдениеттілікті сақтап, заңбұзушылықтарды жасамауға шақырудамыз.

Көп жағдайда тұрғындар асығыстықпен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін көрінеді. Ал ол әкімшілік заңбұзушылыққа жатады. Сондықтан акция ұйымдастырушылары «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстанып, петропавлдықтарды абай болуға шақыруда.

 

Магжан Ахмадина.