Спорт

Суда жүзуден ел біріншілігінің алғашқы кезеңі өз бастауын алды

Теміртас Әлжанов – “Дельфин” су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ директоры

– Бұл жарыста біз ең дарынды балаларды қараймыз. Оларды іріктеп облыс құрамасының сапына аламыз. Ал СҚО құрамасының дайындыға нашар емес. Өткен жылы балалар осы сайстың жеңімпазы атанған, биылда үздіктердің қатарына ілігу керекпіз.

“Көңілді дельфин” деп аталатын додада қатысушылар жүзудің 4 әдісі бойынша түрлі қашықтықтарды бағындырулары қажет. Жүзу жолына алғашқылардың бірі болып ақтөбелік Даниил Пинтяк шықты. Белгі берілісімен жасөспірімдер суға лезде күмп беріп, жеңімпаз атануға бар күштерін салып жүзді. Бастапқыда спортшылардың барлығы бірдей жүріп, бір-біріне дес бермеді. Алайда бабы мен бағы қатар шапқан Даниил Пинтяк 100 метрді баттерфляй әдісімен 25 секундта жүзіп өтіп, қарсыластарын басып озды.

Даниил Пинтяк – жарысқа қатысушы, Ақтобе облысы

– Мен бұл жарыстарға ұзақ дайындалдым. Соның арқасында бүгін жеңімпаз атанып отрымын. Қарсыластарымда өте мықты дайындықпен келген. Оларды артта қалдыру оңай болған жоқ.

Жалпы ел біріншілігінің алғашқы туры үш күнге созылады. Екінші және қорытынды кезеңдері Қарағанды мен Ақтөбе қалаларында өтеді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және де грамоталармен марапатталады.

 

Риат Шони.