МТРА жаңалықтары

Петропавл оқушылары Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Татьяна Сарычева – И. Шухов атындағы қалалық кітапхананың кітапханашысы.

– Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына көп уақыт өтсе де, ол ұмыт қалмауы қажет. Ағаларымыздың көрсеткен ерлігін жастар әрқашан біліп жүрулері тиіс. Ардагердерімізді олар үлгі етулері қажет. Сондықтан, міне осы мақсатта арнайы шара ұйымдастырып жатырмыз.

Кездесу барысында ардагерлер оқушыларға ауған соғысы тарихынан сыр шертті. Жанын шүберекке түйген жауынгерлердің жүректеріне бұл шайқас өшпес жара қалдырғандығы шындық. Сол бір зұлмат жылдарды майдангерлер терең күрсініспен еске алады.

Анатолий Несин – Ауған соғысының қатысушысы.

– Мен осы өңірден Ауған соғысына 1985 жылы аттандым. Ол кезде жасым небәрі 18-де болатын. Шинданд жеріне алғаш рет келгенде әрине жанымды қорқыныш биледі. Дей тұрғанмен бізде соғысудан басқа амал болған жоқ. Сол кез мен үшін қиын сәттерге толы болды.

Кездесу барысында оқушыларға ауған соғысы жайлы арнай бейнеролик көрсетілді.
Жиын барысында кейінгі толқын жастар, жауынгерлерге өздерін толғандырған суалдарын жолдап, оған тұщымды жауаптар алды.

– Қаламызда осындай шаралардың өткізілгені өте жақсы. Себебі ауған соғысының ардагерлерін жастар білуі қажет.

 


–  Мен бұл шараға қатысқаныма ризамын. Кездесу барысында ауған соғысы жайында көп мағлұмат алдым.

Оқпен оттың астында қан кешкен ардагерлердің жүріп өткен жолы бүгінгі жастарға сабақ. Себібі бұл мағынасыз майдан тарихта өзінің қанды ізін қалдырды.

Джакупов Самат.