Балалар

“Ассамблеяға 20 жыл – 20 игі іс” акциясы өтуде

Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне бүгін қонаққа “Қазпошта” мамандары мен “Қазақ тілі ” халықаралық қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді. Меймандар “Ассамблеяның 20 жылдығына – 20 игі іс” акциясы аясында балаларға базарлық жасады. Оларға ойыншықтар мен киімдер үлестірілді. Лидия Чеботарева сыйлыққа спорттық костюм алғанына дән риза.

Лидия Чеботарева, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі

– Маған сыйлық қатты ұнады. Осындай түсті спорттық киімді алғым келетін. Енді дене шынықтыру сабағына барамын. Және спортпен шұғылданамын.

Почташы мамандар бұл балаларға алғаш рет қонаққа келіп тұрған жоқ. Жыл сайын көмектесіп отырады екен. Бұл жолы да 15 балғынға базарлық жасады. Сондай-ақ, балалар ауылының кітапхана қорына “Ер Жәнібек Бердәулет” тарихи жырлар мен аңыздарын сыйға тартты.

Береке Шопенова, “Қазпочта” АҚ СҚОФ почта байланысы қызметінің облыстық кәсіп одақ ұйымының төрайымы

– Біз бұл ұйымның балаларын өз балаларымыздай тәрбиелеп, қоғамға үлкен азамат етіп өсіру керекпіз. Алдағы уақытта біз Мамлют ауданындағы жетімдер үйіне сыйлық жасамақпыз.

Сыйлықтарға ие болған балалардың қуанышында шек жоқ. Олар жаңа ойыншық пен киімдерін бір-біріне көрсетіп, қызықтауға кірісті.
Қазір отбасылық үлгідегі балалар ауылында 6 жастан 18 жасқа дейінгі 49 жасөспірім тәрбиеленіп жатыр. 14 жылдың ішінде мұндағылар 42 түлікті қанат қақтырыпты.

Арстан Әкімжанов, отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры

– Қазақстанда 6-23-ке дейінгі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлуде. Бұған дейін балалар басқа ұйымда тәрбиеленсе, одан кейін біз 9-11 сыныпты бітіргенге дейін тәрбиелейміз.

Өткен жылы мемлекеьттің қолдауымен осы жерде тағы екі үй қолданысқа беріліпті. Бүгінгі кездесу сол баспаналардың бірінде өтті.

Ахметова Бану.