МТРА жаңалықтары

Облыста жолдар жабылды

Солтүстікқазақстандық жүргізушілер тағы да қысқы жолдардың тұтқыны болды. Ақпанның 8-і күні боранның салдарынан Айыртау мен Жамбыл аудандарында 13 жолаушысы бар 7 автокөлік, ал Тайынша ауданында “Көкшетау-Мәдениет” бағытындағы автобус 12 жолаушымен қар бөгелісінде тұрып қалды. Оларды құтқару үшін арнайы қызмет мамандары жұмылдырылды. Нәтижесінде жолдар қардан тазартылып, қозғалыс реттелді. Абырой болғанда ешбір адам зардап шеккен жоқ. Ал 9-шы ақпан күні “ҚазАвтоЖол” акционерлік қоғамы және де СҚО ІІД, СҚО ТЖД-ің келісілген шешімімен ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 11-ден 15 минут кеткенде “Петропавл-Астана” мен “Көкшетау-Рузаевка” бағытындағы автожолдар жабылды деп хабарлайды СҚО ТЖД-ің мемлекеттік тіл мен ақпарат бөлімі.

 

 

Риат Шони.