Балалар

Иса Әлимұсаевті қолдау концерті

Медет Ибадуллаев – ұйымдастырушы

– Сағат 21.00 де “Қазақстан” телеарнасынан “Қазақстан дауысы” жобасында Иса Әлимұсаев тікелей эфирге шығады. Сол уақытта, осы музакалық кеште отырған өнер-сүйер қауым және солтүстікқазақстандықтар дауыс беретіне сенемін. Осы мақсатта, біз концертті ұйымдастырып отырмыз.

Иса Әлимұсаевті қолдау концертінде қаламыздағы 11 өнер ұжымы ән, билерін паш етті. Мәселен, жерлесімізді қолдауға келген “Арай” би тобы, өнер-сүйер қауымға “қазақ биін” тарту етті.

Музыкалық кешке келген көрермендер, өнерпаздардың өнеріне көңілі толып, Исаға өз қолдауларын көрсетуде.

– Біз бүгін жерлесіміз Иса Әлимұсаевтің қолдау концертіне қатысуға мүмкіндік алып отырмыз. Оны мақтан тұтамыз. Жеңіске жететіне күмәніміз жоқ.


– Иса Алимұсаевқа дауыс беруге жиналып отырмыз. Концерт өте тамаша өтті. Оның жарқын жұлдыз болуына тілектеспін.

Мінекей, көп күткен тікелей трансляция басталды. Концертке келген барлық көрермендер, ұялы телефондарын алып, жерлесімізге өз дауыстарын беруде. “Қазақстан дауысы” жобасында еліміздің жарық жұлдызы Алмас Кішкенбаевтан тәлім алып жүрген Иса Әлимұсаев сахна төріне шығып, “Мұз Арт” тобы орындайтын “Махаббат гүлі солмайды” атты әнін орындауда.

Өкінішке орай, жас өнерпаз Иса Әлимұсаев ақтық кезеңге өте алмады. Дауыс беру нәтижесі бойынша Исаның қарсыласы Маңғыстау облысынан келген Бауыржан Ретбаев жеңіске жетті. Бірақ, жерлесіміздің достары оның болашақта жарық жұлдыз боларына сенімді.

Сагыныш Маркашева.