Ауыл шаруашылығы

2014 жылы тауық жұмыртқасын шығаратын құс фермасы 100 мың дана жұмыртқа шығарған

Татьяна Черных – “Алекри Фирмасы” ЖШС құс кешені өндірістік цехының құс баптаушысы, Қызылжар ауданы

– Бастапқыда цехтың ішкі жағдайы нашар болатын, ал қазір жағдайымыз жақсарды. Әр цех жаңа қондырғылармен жабдықталуда. Жұмыс кестесі өзіме ұнайды, жалақысы жоғары, уақытылы төлеп тұрады.

Кейін құс кешенінің 6 қорасынан шыққан тауық жұмыртқалары арнайы орталықтандырылған конвеер арқылы сұрыптау бөліміне жіберіледі. Мұнда да жұмыстың нағыз қызған шағы. Бұл жерге жеткен өнімдер 6 желі арқылы көлемі мен сапасына қарай сұрыпталады. Құс кешенінің басшылығы мемлекеттен берілетін субсидиядан құр қалмай, жәрдемді мейлінше пайдаланып келеді. Мәселен, мұндағылар жұмыртқаның әр данасына 3 теңге дотация алып келеді.

Людмила Мұхамедова – “Алекри Фирмасы” ЖШС құс комплексінің директоры, Қызылжар ауданы

– “Алекри Фирмасы” жауакершілігі шектеулі серіктестігі 23 жыл бұрын құрылған болатын. Бастапқыда 11 мың тауығымыз болса, қазірде олардың саны 400 мыңнан артып жығылады. Өткен жылы 100 миллион дана тауық жұмыртқасын саудаға шығардық. Өнімдерімізді еліміздің барлық аймақтарына саудалаймыз.

Бүгіндері аталған мекемеде 45 адам тұрақты еңбекпен қамтылған.

 

 

Бакыт Садуакасов