Құқық қорғау органдары

Жолда жүру ережесін сақтаңыз

Болат Жексенбинов – СҚО ІІД әкімшілік тәжірбие бөлімінің бастығы.

– Аталмыш бейнекамералар Мир-Чкалов көшелерінің қиылысына, мұнымен қоса Уәлиханов және Сәтбаев көшелеріне орнатылды. Бұл құрылғылар анықтаған заңбұзышылықтар жайлы ақпарат келіп түсісімен біз көлік иесін анықтап, оған айппұл төлеу тұралы ұйғарымды жібереміз.

Ал жыл басталысымен облыс орталығына автоматты жүйеде жұмыс істейтін тағы үш бердей арнайы техникалық құрылғылар орнатылды. Олар негізінен бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кеткен жүргізушермен, тоқтау жолағын елемегендерді анықтауға септеседі. Қазір мұндай құрылғылар бар жерде 55,33 белгісі орнатылған. Бұл яғни тоқта деген белгі.

Болат Жексенбинов – СҚО ІІД әкімшілік тәжірбие бөлімінің бастығы.

– Мұндай камералар биылғы жылдың 8-ші қаңтарында іске қосылды. Олар бүгінгі күні Интернационал- Астана, Интернационал-Жамбыл және Абай-Мир көшелерінің қиылысында жұмыс істеп тұр. Яғни құрылғылар жол ережесін бұзғандарды бағдаршамның көмегімен анықтайды. Егерде белгілікті бір көлік тоқтау жолағында тоқтап,, бағдаршамның қызыл түсіне бейберекет қозғалса, құрылғы оның бұл әрекетін заңсыз деп анықтайды. Ал бұрылыста бағдаршамның жасыл түсіне өтуге үлгермесеңіз, орныңызда тұрып қалғаныңыз абзал.

Мұндай құрылғылар болашақта жолдың қарсы бағытытына шығып кеткен жүргізушілерді де анықтайтын болады. Жалпы облыс орталығында процессингтік орталық ашылғаннан бері яғни бейнекамералардың көмегімен 12 мыңнан астам жолда жүру ережесінің бұзылғандығы анықталып, көлік иелеріне жалпы сомасы 141 миллион теңгенің айыппұлы салынған екен.

Джакупов Самат.