МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу бүгінгі күннің басты талабы

Жиында Шыңғыс Қабдолла жемқорлықтың алдын алуда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қоян-қолтық жұмыс жасауға шақырды. Кездесу барысында департамент жетекшісі өткен жылға қортытынды шығарып, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Қаламмен микрафонды серік еткен маман иелерін негізінен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі басқармасы жетекшісінің үстінен қозғалған қылмыстық істің мән-жайы қызықтырды. Тергеу жұмыстары барысында бұрынғы басшы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандығы анықталды. Ол жеке кәсіпкерден алкагольдік өнімдерге жалған есептік бақылау маркалары фактісі бойынша, тергеуге дейінгі тексеру материалдарына қатысты оң шешім шығару және тәркіленген ішімдікті қайтару үшін 8 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы талап еткен. Петропавл қалалық сотының шешіміне сәйкес айыпты азамат бүгінгі күні кепілдік бойынша босатылды. Қазір бұл іс өндірісте жатыр.

Риат Шони.