Спорт

Солтүстік – 2015″ атты қысқы облыстық спорт мерекесі аясында биатлоннан жарыс басталды

Денис Чуманов – жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы

–  Мен бұл сайысқа үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Сайыстан тек қана жеңісті күтемін. Қарсыластарымның жас ерекшеліктері әр түрлі, барлығын біле білмеймін. Сол себепті де қиындау болады. Дегенменде бар күшімді салып, тырысып бағамын.

Сайыстың алғашқы күнінде өңірдің барлық ауданынан келген 60 спортшы спринттік жарыста сынға түсті. Әйелдерге 7,5 шақырымды бағындыру қажет болса, ерлер 10 шақырымды жылдам жүріп өту керек.

– Жарысқа қатысушы әрбір биатлоншының басты мақсаты алғашқы айналым 2,5 км қашықтықты шаңғымен жүріп өтіп, пневматикалық мылтықпен 5 нысанға атып дәл тигізу қажет.

Егерде спортшы мүлт кеткен жағдайда әр қателік үшін 150 метрлік айып шеңберінен өтеді.

Александр Васильев – жарыстың бас төрешісі

– Бізде дәл қазір спринттік жарыстар өтіп жатыр. Ал ертең эстафеталық сын болады. Жалпы сайысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай жіктелмейді. Тек әйелдер мен ерлер болып екі топқа бөлінеді.

“Солтүстік – 2015” атты қысқы облыстық спорт мерекесі аясында жерлестеріміз хоккей, шорт-трек, конькимен жарыс сынды шараларда сыналады. Бұның нәтижесі ақпан айының 26-сы мен 28-і аралағында Уәлиханов ауданында өтетін қорытынды сайыста жарияланады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, кубок және де медальдармен марапатталады.

 

Риат Шони