Балалар

Петропавлда білім ошақтары да Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын тойлады

Толқын Мақашқұлова – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының мұғалімі

– Қазақ халқы ежелден төрт-түлік малды қастерлеп келген. Сыйлы қонақ келгенде ұлттық тағам бешбармағын ұсынып, сары қымызын сапырып күткен.

Мұнда ұлттық тағамдардан бөлек әр этностың халық әндерін тыңдап, билерді де тамашалауға болады.

Мереке барысында балалар үйінің маңдайалды қызметкерлері де марапаттлды. Еңбегі еленгендердің қатарында балаларға мемлкеттік тілді оқытып жүрген Роза Қалкенова да бар.

Роза Қалкенова – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының мұғалімі

– Мен осы мектепте екі жыл жұмыс істеп келемін. Қазақ тілін тек қана оқушыларға ғана емес, қызметкерлерге де оқытамын. Менің ойымша мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері де білуге тиіс.

Ұйымдастырылған игі шара соңында келген қонақтар интернат тәрбиеленушілерінің арасындағы спорттық жарысты тамашалады.

Риат Шони.