МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерді ақпараттандыру жөнінен үшжақты келісім жасалды

Кәсіпкерлік дамыған заманда жаңашылдықтар да үнемі пайда болып отырады. Мәселен, кейде тиісті заңнамаға енгізіліп қалатын өзгертулер мен толықтырулар жайын біреу білсе, біреу білмейді. Ал, заңнан хабардар болған жағдайда салықтық міндеттемелер уақытында орындалады, құқықбұзушылық жол берілмейді. Осы реттен алғанда мұндай меморандум қажет дейді фискалды орган өкілдері.

Есмағзұм Байбосынов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы

– Бұл – жоспар бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шара. Біздің мақсатымыз – Петропавл қаласындағы базар өкілдері, яғни шағын және орта бизнес субъектілерімен заңнамадағы өзгерістер мен өзге де нормалар жайында түсіндіру жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру.

Кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын көздейтін құжатқа қол қоярдың алдында бизнесмендер жалпы бұл саладағы жағдайды талқылап, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне өздерінің сұрақтарын қойды. Үшжақты ұзақ пікір алмастырудан кейін тиісті құжатқа қол қойылды.

Александр Фомин – “ЦОТ” ЖШС директоры

– Менің ойымша, бұл базарлар үшін маңызды құжат деп есептеймін. Үшжақты құжат біздің сауда алаңдарындағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақсат етеді. Өңірде кәсіпкерлер көп. Қандай да бір ақпарат олардың әрқайсысы үшін қолжетімді болуы тиіс.

Мұндай меморандум біздің өңірде алғаш рет жасалып отыр.

 

Данаш Хамзина.