Салық басқармасы

Қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы жалғасуда

Сұңғат Қоспаев – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы.

– Негізінен акция биылғы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады. Ал біз құжаттарды қарашаның 30-на дейін қабылдайтын боламыз. Егер азаматтардың шетелде жылжымайтын мүлігі болатын болса, Мир көшесі 85 мекенжайында орналасқан мемлекеттік кіріс басқармасына келулері керек. Заңға сәйкес комиссияға мүлiктi жария ету үшін олар екі дана өтініш жазулары тиісті. Мұнымен қоса азаматтың өзімен бірге куәлігі және оның көшірмесі болуы шарт.

Елімізде мұндай шара соңғы рет 2006 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде дүние -мүлкін тек заңды тұлғалар ғана заңдастыра алды. Ал енді бұл жолғы акцияға кез-келген қазақстандық азаматтар және басқа елден қоныс аударған қандастарымыз да қатыса алады. Айта кету қажет заңдастыру науқаны үстіміздегі жылдың 30-шы қарашасына дейін жалғасатын болады. Нәтижесінде акциядан ел қазынасына жуық шамамен 10 миллардтан астам доллар түсуі мүмкін.

Джакупов Самат.