МТРА жаңалықтары

«Қазпочта» АҚ 3 ауылда жаңа қызмет түрін іске қосты

Ерік Нұрақаев- «Қазпочта» АҚ СҚОФ директоры

– Нақ осындай пунктер тағы Жамбыл ауданындағы Благовещенка мен М.Жұмабаев ауданындағы Советское ауылында ашылып жатыр.

Қазір Қазпошта бөлімшесінің қызметкерлері байланыс сапасын тексеріп жатыр. Желінің ар жағында Ақтөбе облысынан «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин байланысқа шықты. Жалпы мұндай жаңашылдықты 3 мыңнан астам халқы бар якорьлықтар қуанышпен қабылдап отыр.

– Әрине мұндай пунктердің пайда болғаны жақсы. Туысқандарымызды көріп, әрі сапалы байланыс қызметі арқылы хабарласып қаламыз.

– Мен поштаға жиі келіп тұрамын. Зейнетақымды аламын. Енді міне, жаңа қызметтер пайда болып жатыр дейді. Ол әрине жақсы ғой.

Бүгіндері өңіріміздегі 88 елді-мекенде қазпочтаның бөлімшелері жұмыс істейді. Солардың 54 пайызы автоматтандырылған. Алдағы уақытта интернет арқылы тегін қоғамдық байланыс пунктері өзге ауылдарда да пайда болады деп жоспарланған.

Магжан Ахмадина.