Спорт

Футболдан ҚР кубогына жеребе тарту өтті

4-ші ақпан күні футболдан Қазақстан Республикасының кубогында сынасатын жұптар анықталды. “Қызыл-Жар СК”-ның қарсыласы екінші лиганың жеңімпаздары, биылдан бірінші лигаға өткен қызылордалық “Байқоңыр” командасы атанды. Қос құраманың ойыны 29-шы наурызда Қызылордада өтпек. Бұл жұпта озып шыққаны – келесі раундта семейлік “Спартакпен” күш сынасады. Мықты командалар жарыстың 1/8-ші кезеңінде премьер-лиганың клубтарымен кездеседі. Ал футболдан бірінші лиганың ойындары 4 сәуірде басталмақ. Біздің жерлестеріміз өзінің алғашқы кездесуін ақтаулық “Каспиймен” сырт алаңда өткізеді.

 

Риат Шони.