Балалар

Облыс орталығынада “Волшебница Зима” атты балалар шығармашылығының байқауы өтті

Сәбина Сапарғалиева – №1 өнер мектебінің оқушысы

– Бұл байқауға мен екінші жыл қатарынан қатысудамын. Былтыр өкінішке қарай орын ала алмадым. Биыл тағы қатысуға бел буып, екі туынды әзірледім. Нәтижесінде “Сурет” және де «Сәндік-қолданбалы өнер» аталымында екінші орынды иелендім.

Қалалық білім бөлімі мен №1 өнер мектебі ұйымдастырған байқау осымен 6-шы жыл қатарынан өткізілуде. Жалпы конкурсанттар жарысқа үш жас ерекшеліктері бойынша қатысып, үздіктері мараптақа ие болды. Жас қылқалам шеберлерін байқауға дайындаған ұстаздар да назардан тыс қалмай, олардың да еңбектері еленді. 300-ден аса туындыны бағалаған әділ-қазылар үздігін анықтау қиынға соқты дейді.

Лидия Гирко – өнертанушы, әділ-қазы мүшесі

– Жасалған туындыларды бағалағанда біз оның эмоционалдық өңі мен мазмұнына назар аударамыз. Балалардың ішкі жан-дүниесі ересектердікіне қарағанда өзгеше. Олардың еңбектерінде түстер қанық және әр түрлі болады. Осындай туындылар байқауда молынан кездесті.

Шара соңында шағын концерт ұйымдастырылды.

Риат Шони.