Без категории

Соғыс ардагері оқушылармен кездесті

Петр Гладков – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Әскери коммисариаттың жолдауымен 1-ші украиндық дивизионына түстім. Соғыста түрлі дене жарақаттарын алып, госпиталье емделдім. Бірақ, жарақатым аса ауыр болмағандықтан, қатарға қайта қосылдым. Кейін арнайы бұйрықпен барлаушылар бөліміне түсіп, қызметімді сонда жалғастырдым. Соғыстың аяқталғанын госпитальде емделіп жатқанда естідім.

Ең алдымен, отырысқа жиналғандар ұрыс даласында қаза тапқан жерлес ардагерлер жайында шағын бейнефильмді тамашалады. Кейін, қарт жауынгер жастармен емен-жарқын әңгімелесіп, басынан өткен оқиғаларын баяндады. Ардагер бүгінгі күнге шүкіршілік етеді.Ол жастарды отанын сүйюге, үлкендерді құрметтеуге шақырды. Өз кезегінде жиынға қатысушылар кездесуден мол әсер алғандарын жеткізді.

Алина Саликова – №42 орта мектебінің 8 сынып оқушысы.

-Атамызбен кездескен әр оқушы соғыс жайында мол мәлімет алды деп есептеймін. Осындай кездесулер өскелең ұрпаққа қажет. Олардың ерліктерін ұмытпауымыз керек.

Қарт майдангер Петр Гладков алдағы уақытта қаламыздың өзге де білім ошақтарына барып, оқушылармен кездеспек.

 

 

Бакыт Садуакасов.